Ауа температурасының төмендеп, қатты желге байланысты облыстың бірқатар мектептері бірінші ауысымды онлайн форматта бастауды көздеп отыр.
Мәселен, Жангелдин ауданында ауа температурасы -25 градус, ал желдің жылдамдығы 6 м/с болуына орай барлық мектептерде бірінші аусым 1-4 сынып сабақтары қашықтық режимде өткізіледі.
Қарасу ауданында сынап бағанасы -18 градус болғанымен, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді көрсетіп тұр. Сол себепті ауданның 14 мектебінде 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
