Қостанай облысында жүк көліктеріне 115 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қостанай облысында жүк көліктеріне 115 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Мамандардың айтуынша, тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жыл басынан бері Қостанай облысында 820 жүк көлігі тексеріліп, олардың бірқатарына әкімшілік хаттама толтырылған.

Көліктік бақылау инспекциясының дерегінше, жүктің рұқсат етілген нормадан артық тасымалдаған жүргізушілерге 115 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Бірлескен тексерулер «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Қостанай облыстық филиалының мамандарымен бірге жүргізілуде.

Мекеме директоры Абылайхан Алшынбаев ауыр жүк көліктерінің жолдың жағдайына тигізетін кері әсерін атап өтті.

«Салмағы нормадан асатын жүк көліктері жолда жүргенде, жабын тез бұзылады. Шұңқырлар пайда болып, асфальттың сапасы нашарлайды. Сондықтан осындай тексерулерді жүргізу жолдардың ұзақ уақыт жақсы күйде сақталуына мүмкіндік береді», — дейді ол.

Мамандардың айтуынша, тексерулер алдағы уақытта да жалғасатын болады.