Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр

Ол үшін шығынды өтеу жөніндегі комиссиялар құрылды. Оңтүстік өңірлердің тұрғындарынан залалды өтеуге 307 өтініш қабылданды. Келтірілген шығынды бағалау бойынша жұмыстар басталып кетті. Тұрғындарға тиісті жадынамалар мен құжаттардың үлгілері таратылды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендердің ешқайсысы көмексіз қалмайды.

Зардап шеккендерге қазірдің өзінде әлеуметтік көмек көрсетілуде, ол отбасының әрбір мүшесіне шаққанда, 50 АЕК құрап отыр.

Жалпы сомасы 108 млн теңгені құрайтын 764 өтініш қабылданды, оның ішінде:
Арқалық қаласында 444 адамға 81,9 млн теңге;
Аманкелді ауданында 111 азаматқа 20,5 млн теңге;
Жанкелдин ауданында 32 адамға 5,9 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бұл қаражат зардап шеккендердің азық-түлік, киім-кешек, қажетті заттарды сатып алу және тұрғын үйді жалға алу сияқты негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
Залалды қалпына келтіру және әлеуметтік көмекке өтемақыдан басқа, зардап шеккендерге бюджеттен тыс қаражаттан 32 миллион теңге сомасында көмек көрсетілді.


Естеріңізге сала кетейік, облыстың 6 өңірінде, оның ішінде Аманкелді, Жанкелдин, Қарасу, Қостанай аудандары, Арқалық және Қостанай қалаларында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Қарасу, Қостанай аудандары мен Қостанай қаласы бойынша да комиссиялар құрылды. Өңірлердің әкімдіктері 8 сәуірден бастап зардап шеккен тұрғындардан құжаттарды қабылдай бастады.

Жаңалықтармен бөлісу