Бес күндік 500 шақырым жарыстың қорытындысы бойынша Қостанай жылқы тұқымы командасы мәреге бірінші жетті. Екінші орын иегері – Қырғыз Республикасының бірінші командасы, ал үшінші орынға Ұлытау облысы жайғасты.
Осылайша, Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды. Алматы облысы, Іле ауданы Ақши аулының маңынан жорықты жалғап, Қонаев қаласына дейін барған.
«Бұйырса келесі жорықта аман-есен жолығуды нәсіп етсін Алла. Қазақтың қазанаты Қостанай жылқы тұқымы командасының бас демеушісі Аллюр авто компаниясы алғысымызды айтамыз», – дейді жарыстың басы-қасында жүрген Елжас Шора әлеметтік желідегі парақшасында.