Қостанай ауданының спортшылары жарыста үздік атанды

Қостанай ауданының спортшылары жарыста үздік атанды

Жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130-жыл толуына арналған оқушылардың облыстық қысқы спартакиадасы шеңберінде шаңғы туризмінен жарыстар өтті.

Жарысқа 140 адам қатысты.

Облысымыздың 17 өңірінен келген жас спортшылар «Слаломмен түсу», «Берілген секторда тежеумен түсу», «Көлбеу траверс», «Берілген тәсілмен көтерілу», «Дюльфермен түсу», «Көшкін қаупі бар учаскенің траверсі», «Жұқа мұз арқылы өту», «Алғашқы медициналық көмек көрсету және жәбірленушіні тасымалдау», «Сайдан өту», «Топография», «Бағдарлау», «Туристік тораптар» сияқты кезеңдерді сәтті еңсерді.

Бірінші орынды Қостанай ауданының командасы, екінші орынды Әулиекөл ауданының командасы, үшінші орынды Лисаков қаласының командасы иеленді.

Облыстық білім басқармасы

Жаңалықтармен бөлісу