Қостанай ауданында орман тынысын оятатын жоба басталды

Қостанай ауданында орман тынысын оятатын жоба басталды

Қаланы көріктендіру тек жаңа ғимараттар тұрғызумен өлшенбейді. Өңірдің шынайы өркендеуі адамға жайлы, табиғатпен үндес өмір сүру ортасын қалыптастырудан басталады.

Қостанай ауданындағы Мичурин ауылы аумағындағы орман алқабында бой көтеретін жаңа экопарк – осы ұстанымның нақты көрінісі.

blank blank   blank Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен мемлекеттік орман қоры аумағында салынатын экопарктың құрылысына ресми түрде бастау берілді.

blank blank blank

Облыс әкімі өңірде қоршаған ортаны жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

blank

«Саябақтарды көбейту – экологиялық және климаттық жағдайды жақсартудың негізгі құралы. Соңғы екі жылда облыс орталығында заманауи үлгідегі жеті саябақ пайдалануға берілді. Осы кезеңде 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды. Биыл тағы 77,4 мың ағаш егуді жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының ірі қалалар мен облыс орталықтарының маңында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірімізде екі экопарк салынады. Бүгін біз соның алғашқысының құрылысын бастаймыз», – деді өңір басшысы.

Жаңа экопарктің жалпы көлемі 43,8 гектар. Жоба табиғи ландшафтты сақтай отырып жүзеге асырылады. Оның жалпы құны 660 миллион теңге.

blank

Экопарк тұрғындардың белсенді әрі қауіпсіз демалысына арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналады. Мұнда автотұрақтар, футбол және волейбол алаңдары, воркаут аймағы, балалар ойын алаңдары, демалыс орындықтары мен беседкалар салынады.

blank

blank

«Жоба аясында ұзындығы 2 525 метр болатын велосипед жолы мен 2 015 метрлік жүгіру жолы төселеді. Сонымен қатар 300 автокөлікке арналған тұрақ және салынып жатқан Астана тұрғын үй шағын ауданына апаратын жерасты өткелі қарастырылған. Экопарктың басты ерекшелігі – табиғи орманды сақтай отырып, тұрғындардың күнделікті серуендеуіне, спортпен шұғылдануына және отбасылық демалысына қолайлы жағдай қалыптастыруы», – деді Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев