Қостанай ауданында «Бүгін бізге көңілді!» атты конкурстық-ойын бағдарламасы өтті

Қостанай ауданында «Бүгін бізге көңілді!» атты конкурстық-ойын бағдарламасы өтті

Қостанай ауданында тұрғындар мен жастардың қатысуымен «Бүгін бізге көңілді!» атты конкурстық-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, сондай-ақ достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Бағдарлама барысында қатысушылар үшін түрлі қызықты тапсырмалар мен байқаулар дайындалды. Қатысушылар логикалық викториналарда өздерінің білімдері мен тапқырлығын сынап көрсе, спорттық эстафеталарда жылдамдық пен ептіліктерін көрсетті. Сонымен қатар шығармашылық тапсырмалар орындап, өздерінің қиялы мен өнерлерін ортаға салды.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Белсенділік танытқан қатысушылар арнайы марапатталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.