Қостанай әуежайында Ахмет Байтұрсынұлы музейі ашылды

Қостанай әуежайында Ахмет Байтұрсынұлы музейі ашылды

Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежайда ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа музей ашылды.

Енді музей әуежайға келген шетелдік және отандық қонақтарға Ахаңның кім екенін танытып, қазақ халқының ұлы тұлғасының мұрасын насихаттай түседі.

blank blank

«Екі жыл бұрын әуежайға Ахмет атамыздың есімі берілгенде, атауынан басқа ештеңе жоқ деген ой мазалады. Сол кезде Ахметтің мұрасын паш ететін дүние керек деген бастама көтердік. Біздің ұсынысымызды облыстық мәслихат қолдап, іске асуына ықпал еткені үшін ризашылығымызды білдіреміз», – дейді қоғам белсендісі Александра Серғазинова.

blank

Қазіргі таңда музей экспозициясы интерактивті тақтада сақталған цифрлық деректерден тұрады. Мұнда Ахаңның өмір жолы, еңбектері мен сирек суреттері ұсынылған.

blank

Барлық деректер екі тілде, уақыт талабына сай, кез келген қонаққа қолжетімді форматта.

blankСонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұжымы да белсене қолдау білдіріп, бай мұрағат қорымен бөліскен. Соның арқасында музей мазмұнды дүниелермен толыққан.

blank

«Әзірге музей цифрлық форматта ашылды. Алдағы уақытта экспозиция әлі де толығып, келушілерге ұсынатын құнды жәдігерлер саны арта түседі», – дейді Александра Серғазинова.

Жаңа музей ұлт ұстазының мұрасын қалың жұртшылыққа кеңінен таныстырып қана қоймай, Қостанайдың тарихи-мәдени келбетін айқындайтын ерекше рухани орталыққа айналмақ.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Айдана Марат