2 июня, 2025
Қонайда құрылыс қарқынды

Қонайда құрылыс қарқынды

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев өткен аптада жұмыс бабымен Қонай шағын ауданында болды. Ол салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысып қайтты.   

Шағын ауданда қазіргі таңда 124 жеке үйдің құрылысы жүріп жатыр. Біршамасының құрылысы алдағы бірер айда аяқталады. Ал жосықсыз деп танылып шарттары бұзылған 55 екі қабатты үйдің құрылсымен жаңа мердігер айналысуда. Жоспар бірінші тамызда тапсыру.

«Қонай шағын ауданындағы 124 үйдің 69-ының құрылысын тамыздың бірінде тапсыру жоспарланған. Жыл соңына дейін 10 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру тапсырмасы қойылды. Еске сала кетейін, бұрынғы жауапсыз мердігермен келісімшарттар бұзылған болатын. Қайта өткізілген конкурс нәтижесінде құрылыс жұмыстарын негізінен жергілікті компаниялар жалғастырады. Маусым айының соңына дейін магистральды көшелерге жарық орнату бойынша екі жылдық жоба аяқталады – жұмыстардың шамамен 90%-ы орындалған. Барлық тұрғын кварталдар, көшелер және шағын ауданға кіреберістер жарықпен қамтамасыз етілген», – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.

Шағын ауданда жол инфрақұрылымының құрылысы аяқталуға жақын. Шаһар басшысы жолдардың және тротуар плиткаларының жағдайын тексеріп, зақымдалған учаскелерді қалпына келтіруді тапсырды. Жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтаулары қажет.

«Еске салайын, 2022 жылдан бастап 2019 жылы басталған 26 ұзақ құрылыс мәселесі шешілді. Соңғы екі үй өткен жылы дәл осы шағын ауданда аяқталып, қазір құрылыс тек жаңа жобалар бойынша жүзеге асырылуда. 84 және 85-кварталдардағы 6 үйдің абаттандыру жұмыстарымен айналысқан тағы бір жауапсыз мердігермен де келісім шарт бұзылды. Қосымша қаржы көздері табылып, жергілікті компания бұл жұмыстарды аяқтайды: жетіспейтін балалар алаңдары, шағын архитектуралық формалар, тренажерлер және осы кварталдарды толыққанды абаттандыруға қажетті басқа да элементтер орнатылады», – деді Марат Жүндібаев.

Қала әкімі қолданыстағы лог бойындағы болашақ саябақтың орынын қарап шықты. Мұнда демалыс аймағы, жарықтандыру, тротуар жолдары, автотұрақтар мен велосипед жолақтары болады. Лог арқылы қауіпсіз өту үшін көпіршелер де салынады. Қазіргі таңда эскиздік жоба әзірленуде. Жалпы алғанда, шағын ауданды абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары аяқталуға таяу.

Сералы МЫРЗАБАЙ