Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан футбол федерациясы бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«ҚФФ Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді. Маманның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз», – делінген ресми мәлімдемеде.

Кадрлық шешімдерге қатысты барлық жаңалық Қазақстан футбол федерациясының ресми ақпарат көздерінде ғана жарияланады.