Кездесу барысында аудан әкімі су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Іс-шара аясында инфрақұрылымды қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар жан-жақты талданды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы мен аудан тұрғындарының белсенділігінің нәтижесінде бір де бір үй зардап шекпегені және жағдай толық бақылауда болғаны ерекше атап өтілді.
«Қауіптің бетін ары қарату үшін, елді мекендерді су тасқыны қатерінен құтқару шараларына облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ жергілікті қазынадан 95 млн теңгеден астам қаржы қарастырылды. 39 елді мекеннің 16-на қауіп төнген еді. Алдын ала қабылданған әрекеттер арқасында барлығын аман сақтап қала алдық. 300-ге жуық адам, 85 арнаулы техника жұмылдырылды» — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар су тасқынына қарсы күресте белсенділік танытып, қиын кезеңде қауіпсіздік пен қолдау көрсеткен азаматтар мен қызмет өкілдері марапатталды.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.