Қарасу ауданында ауыз су мәселесі қайтарылған активтер есебінен шешіледі

Қарасу ауданында ауыз су мәселесі қайтарылған активтер есебінен шешіледі

Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту бағытындағы екі әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оларды қаржыландыру прокуратура органдары қайтарған заңсыз иеленілген активтер есебінен қамтамасыз етілді.

Қарасу, Восток және Павловский ауылдарында су тарату желілерін қайта құрылымдау жобасы аясында су мұнарасын, сорғы станцияларын және таза су қоймаларын салу көзделген.blank

«Нәтижесінде, шамамен 3500 ауыл тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізіп, азаматтардың өмір сүру сапасы артады. Барлық құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жобалардың іске асырылу барысы мен қаражаттың мақсатты пайдаланылуы Қостанай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында», – делінеді облыстық прокуратура хабарламасында.