Бүгінде қамыстылықтар ертеңнің қамына ерте кіріскендей.
Ауданның жеке кәсіпкерлерімен әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бейбіт келісім жүргізілуде. Осы және өзге де жұмыстары жөнінде аудан әкімі Ғазиз Бемұхамедов журналистермен болған баспасөз брифингінде айтып берді.
“Осы жылғы алты айдың қорытындысы бойынша мал мен құстың барлық түрлерінен алынған еттің көлемі 728 тоннаны құрады. 16,9 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егілді. Бүгінде қолда бар мал басын сақтау үшін 22 мың тоннадан астам шөп дайындалды, бұл жылдық қажеттіліктің алпыс пайызына тең. Облыстың тұрақтандыру қорынан бірінші санатты жұмыртқа, 400 кг қарақұмық, 1150 кг күріш, 230 кг тауық еті, 300 кг сәбіз, 30 литр күнбағыс майы және әлеуметтік нан пісіру үшін 25 тонна бірінші сұрыпты ұн таңдалды”, – деді Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов.
Қазіргі уақытта рұқсат етілген шекті сауда үстемесі бойынша ауданның өндірушілері мен сауда нүктелері арасында 23 меморандум және 9 шарт жасалды.