Қазіргі таңда өңірде агроөнеркәсіптің салалары түрленіп келеді. Оған дәлел – Қамысты ауылында Төремұрат Өтепов басқаратын «Қайрат» ПКФ» ЖШС құрама жем цехын салып жатыр. Жоба құны 700 млн теңге, оның ішінде 500 млн теңге серіктестіктің өз қаражаты, 200 млн теңгені несиеге алып отыр.
Жоба екі тұрақты жұмыс орнын құрамақ. Қуаттылығы жылына 1500 тонна (4,8 т/сағ). Бұл кешен жыл аяғында пайдалануға берілмек.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев