Қамыстылық отбасы құс фермасын ашты

Қамыстылық отбасы құс фермасын ашты

Қамысты ауданындағы тағы бір тың жоба – құс еті мен жұмыртқасы кәсібі. Қамысты ауылының тұрғыны Дамир Валиев осы жобаға «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 5 жылға 2,3 млн теңгеге несие алып, қосымша 2 млн теңгеден астам өз қаражатын салды. Үш түрлі ет-жұмыртқа беретін тұқымнан 600 тауық пен бройлер сатып алды. Кәсіпкердің өнімдері жергілікті тұрғындарға төмендетілген бағамен сатылуда.

Келесі жылы ол мыңнан астам түрлі тұқымды құстарды сатып алуды жоспарлап отыр. Оның бастамасы басқа жұмыссыз азаматтар үшін үлгі боларлық. Аймақ басшысы Валиевтер отбасының жаңа бастамасына сәттілік тіледі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу