Қамысты ауданының Арқа ауылына қауіп төнді

Қамысты ауданының Арқа ауылына қауіп төнді

Су теміржолдың инфрақұрылымдық ғимараттарына жақындады. Әзірге, жұмыс үй-жайлары мен ҚТЖ ауласына су кірген жоқ.

ҚТЖ және жергілікті атқарушы органдары күштері, сондай-ақ “КБРУ” АҚ қызметкерлері бірігіп, алдын алу шараларын қабылдап жатыр.

Арықтар тазартылып, суды бұруға арналған арналар 5 метрден 12 метрге дейін кеңейтілді. Теміржол вокзалының, электр орталықтандыру бекетінің аумағын 1000 дана құм салынған қаптармен нығайту жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстарға барлығы 4 мотопомпа, суды соруға арналған бөшкесі бар 1 техника, 2 технологиялық самосвал, ГАЗ-53 машинасы, 3 трактор, 1 фронтальды тиегіш жұмылдырылды. Жағдай аудан басшылығы мен Қостанай темір жол бөлімшесінің тұрақты бақылауында.

Осындай алдын алу шаралары Алтынсарин ауылында да атқарылып жатқанын айта кетейік. Аулаларды басқан суды мотопомпалармен айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Суды басқа бағытқа бұру үшін арналар салынды.

Жаңалықтармен бөлісу