Қамысты ауданында жаңа спорт нысаны пайда болады

Қамысты ауданында жаңа спорт нысаны пайда болады

Өңір басшысы Қамысты ауданына жұмыс сапарын аудан тұрғындарымен кездесумен қорытындылады. Мұнда көтерілген мәселенің бірі – салынғанына 45 жыл болған №1 Қамысты жалпы білім беру мектебі. Аталған оқу орнының мұғалімі Нина Дациева аймақ басшысынан білім ордасына жөндеу жүргізуге қолдау жасауын сұрады. Ал, аудандық мәдениет үйінің басшысы Алена Досманова 1978 жылы салынып, содан бері күрделі жөндеу көрмеген өнер ордасын жаңалап беруге өтініш білдірді.

“Жаттығуларды өткізетін залдың болмауы туралы мәселені көтергім келеді. Біздің ауданда күреспен айналысатын балалар саны 200-ден астам, соның ішінде аудан орталығында 151 бала, арнайы жабдықталған зал жоқ балалар аудандық мәдениет үйінің би  залында жаттығады! Аудан орталығындағы бұрынғы кинотеатр ғимаратын қалпына келтіруге қолдау көрсетуіңізді сұраймын”, – деді еркін күрестен жаттықтырушы Нұрлыбек ИБРАЕВ.

Жаттықтырушының сұрағын аудан әкімі де растады. Алайда, бұл спорт түріне  балалардың қызығушылығы жоғары.

“Алдағы уақытта аудан орталығында 300 шаршы метрді құрайтын бос ғимарат бар. Спорт орталығына айналдыру жоспары бар. Қазір жобалық-құндық құжаттары әзірленді. Келесі жылы шешімін табатын болады”, – деді аудан әкімі.

Жаңалықтармен бөлісу