«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті

«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті

«AMANAT» партиясы  Қостанай облыстық филиалы жанындағы  «Жастар Рухы» Жастар қанатының «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының жыл сайынғы іріктеу кезеңі өтті.

Әскери патриоттық ойынға “Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектері” республикалық одағының Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы Батырхан Амандосов, Қостанай облыстық шекара әскерлері ардагерлері кеңесінің төрағасы, запастағы майор Қасымхан Молдағалиев қатысып, жастарға  ағалық тілегін білдірді.

10-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста қатысушылардың спорттық дайындығы сыналып, мықтылар іріктелді. Жастар саптық дайындықтан өтіп, кедергілермен жүгіріп, “Менің елім-Қазақстан” атты әскери-тарихи викториналық  сұрақтарға жауап берді. Жас толқын ойын барысында әскери қызметшінің кәсібімен және әскери қызметтің қыр-сырымен танысты.

Турнирдің қорытындысында 1-орынды Қостанай қаласындағы “Балалар аула клубы» КММ иеленді. 2-орынды Жітіқара ауданындағы Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі, 3-орынды Рудный қаласындағы ДМ.Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі иеленді.

 

Қ.Мұратбекқызы.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу