Полиция Рудныйда жоғалған жасөспірімдерді тапты

Полиция Рудныйда жоғалған жасөспірімдерді тапты

Олардың Рудныйдан шығып, Қостанай ауданының Константинов ауылына жаяу жеткені белгілі болды.

Түнде олар ауыл маңындағы орманда түнеп, 8 сәуірде таңертең жол-жөнекей кетіп бара жатқан жерінен жергілікті ветеринариялық қызмет маманының “Нива” маркалы көлігіне отырған.

“Көлік иесі бұл туралы учаскелік полицейлер – Жасұлан Әбілғазы мен Махамбет Ерубаевқа хабарлады. Олар көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірді көрсете отырып, ақпаратты әріптестеріне берді. Кейін Садовой және Алтынсарин кенттері арасында көлікті учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Махин тоқтатты. Жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілді. Олардың зардап шекпегені белгілі болды. Қазір олармен ювеналды полиция қызметкерлері сөйлесіп жатыр. Жақын арада олар Рудныйға қайтарылады”, – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Белгілі болғандай, жасөспірімдер Қостанайға бірінің анасына бара жатқан.
Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде 15 және 17 жастағы екі жасөспірім “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасын қолдау орталығы” мекемесінен рұқсатсыз шығып кеткен.

Оларды іздеуге 34 техника мен 93 адам, оның ішінде полицейлер, “Регион 10” және “ДОС” іздеу және құтқару жасақтарының еріктілері, әкімдік өкілдері мен ықыласты азаматтар қатысты.

Жаңалықтармен бөлісу