Рудныйда екі жасөспірім жоғалып кетті

Рудныйда екі жасөспірім жоғалып кетті

Полиция рудныйлық екі жасөспірімді іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді сұрайды.

Рудный қаласындағы Ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасын қолдау орталығының екі тәрбиеленушісі жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға бүгін, 7 сәуірде келіп түскен.15 және 17 жастағы жасөспірімдер мекемеден белгісіз бағытқа шығып кеткен.

“Бұған дейін де 15 жастағы жасөспірім қашып кеткен еді. Қазіргі уақытта іздестіруге 20 техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті, сондай-ақ Рудный қаласының тұрғындары жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді”, – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

Қазір іздеу шаралары Қостанай ауданының жақын ауылдарында жалғасып жатыр. Өйткені жасөспірімдерді Сергеев және Константинов ауылдарында соңғы рет көргендер бар.Олар белгісіз бағытқа тоқтамай жаяу жүріп барады деген болжам жасалып отыр.Қостанай облысының Полиция департаменті кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтарға 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Гүлназ Өмірзақ,

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу