Полиция қызметкері екі адамның өмірін сақтап қалды

 Полиция қызметкері екі адамның өмірін сақтап қалды

Қарабалық полиция бөлімінің жедел уәкілі Әміржан Топаловтың ұялы телефонына қоңырау шалып, көрші үйдің пәтерінде газ шығып жатқанын хабарлады.Әміржан бірден барлық арнайы қызметтерді шақырып, оқиға орнына жүгірді.

Пәтер 1-ші қабатта орналасқан. Оған темір есік арқылы қажетті құралдарсыз кіру мүмкін болмады. Терезені сындырып, ішке кіруіне тура келді.

“Маған танысым Қуандық көмектесті. Біз пәтерге кіргенде, жағымсыз иіс шығып тұрды, жарық болмады. Біз бірден газдың таралуын тоқтатып, барлық терезелерді аштық. Қонақ бөлмеге өтіп бара жатып, қозғалыссыз жатқан және ауызынан көбік шығып жатқан әйелді көрдік. Жатын бөлмеде конвульсиямен жатқан қызы болды. Біз оларды пәтерден шығардық. Сыртта жедел жәрдем күтіп тұрды”, – деді Әміржан Топалов.

Белгілі болғандай, пәтерде газ плитасының сорғышы қатып, газ бөлмеге тараған.

Қазір тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция қызметкері олардың жағдайын білу үшін ауруханаға барып жүр. Олар өз кезегінде алғыстарын білдірді.

Жаңалықтармен бөлісу