Полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті 

Полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті 

Мереке қарсаңында 900-ден астам полицей мен ұлттық ұланның әскери қызметшілері облыста қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.Мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен қала тұрғындарының бос уақытын өткізу орындарында нарядтардың тығыздығы артты.

Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне, оның ішінде мас күйінде автокөліктерді басқаратын жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударылатын болады.

Қостанай облысының Полиция департаменті азаматтардың назарын заңның мүлтіксіз сақталуына аударады.

Жаңалықтармен бөлісу