Мереке күндері 1500-ге жуық қызметкер тәртіпті сақтап, аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қала орталығында, орталық шыршаның жанында гарнизондық таратылым өтті. Оған полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.
Өз сөзінде Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин атап өтті:
“Тұрғындар мереке тойлап жатқан кезде, біз тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеміз. Біздің басты міндетіміз — азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жағдай жасау”.
Жаппай мерекелеу орындарына ерекше назар аударылады, сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтіледі.
Көшелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция нарядтарының тығыздығы артты.
Ведомствода тұрғындарды қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.