Полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Қиын сәтте әр секундтың маңызы зор. Қостанай қаласында полиция қызметкерінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында суға батып бара жатқан азаматтың өмірі сақталып қалды.

Оқиға Тобыл өзенінің маңында болған. Куәгерлердің хабарлауынан кейін тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жеткен. Солардың қатарындағы патрульдік полиция қызметкері уақыт жоғалтпай суға түсіп, көмекке мұқтаж азаматқа қол ұшын созған.

Полиция қызметкерінің кәсіби дайындығы мен батылдығының арқасында ер адам жағаға шығарылып, аман құтқарылды. Кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің қарауына тапсырылды.

Бұл оқиға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін тағы да дәлелдеді. Күнделікті қызмет барысында олар тек құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, адам өмірін құтқаруға да дайын екенін көрсетіп келеді.

Мамандар тұрғындарды су айдындары маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан әр азамат өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Адам өмірі – ең қымбат құндылық. Осындай сәттерде көрсетілген ерлік пен жанқиярлық қоғам үшін әрдайым үлгі болып қала береді.

            Ақеркеке АРЫСТАНБАЙ

            Суреттер Қостанай обылысы Департаментінің ресіми парақшасынан