Көлік салығын төлеу – әр азаматтың міндеті

Көлік салығын төлеу – әр азаматтың міндеті

Рудный қаласында жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу бойынша бақылауды күшейту мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.

Іс-шараларға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, полиция басқармасының қызметкерлері және жеке сот орындаушылары қатысуда. Осы мақсатта арнайы мобильді топтар құрылып, салық берешегі бар азаматтарды анықтау жұмыстары қолға алынған.

Мамандардың айтуынша, көлік салығын төлеуден жалтарған борышкерлердің тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, берешек өтелмеген жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Қажетті құжаттар рәсімделіп, көлік құралдары айып тұрағына қойылуы мүмкін.

Жыл басынан бері көлік салығын төлемеген борышкерлерге қатысты соттың бес қаулысы шығарылған. Оның ішінде төрт азамат әкімшілік қамауға алынса, бір азаматқа әкімшілік айыппұл салынған.

Ақерке АРЫСТАНБАЙ

Суретті ұсынған — Рудный қалалық ПБ