Қостанай облысында мал айдау және жаю қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелесулер өткізілді

Қостанай облысында мал айдау және жаю қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелесулер өткізілді

Қостанай облысы «КАЖсервис» ЖШС қызметкерлері республикалық автомобиль жолдары маңында мал айдау және жаю қауіпсіздігі мәселелері бойынша малшылар мен ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен профилактикалық әңгімелесулер өткізді.

Кездесулер барысында жол қызметкерлері жануарларды жаю кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін, малдың жол бетіне бақылаусыз шығуына жол бермеуді, сондай-ақ малды автомобиль жолдары арқылы ұйымдасқан түрде айдау ережелерін еске салды. Жануарлар иелерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Мұндай түсіндіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп, жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Олжас Ғабдімәлік,

ҚӨУ студенті