От пен оқтың ортасынан оралған

От пен оқтың ортасынан оралған

 

Аз емес,зар жылаған егілген жан,

Аз емес, өшкен өмір төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман, көңілге алған.

                                                      М. Темірұлы.

Ұлы жеңіс  бізге оңайлықпен келген жоқ. Ол бізге  елім деп соққан ерлердің,17-18 жасар жас бозбалалардың ерлігінің арқасында келді.

Атамның көзінің қарашағындай сақтаған, әкесінің медальдары мен ордендерімен жыл сайын жеңіс күні қарсаңында бәрімізге көрсететіні бар. Ұлы атамыздың ордендеріне қарап, төбем көкке жетердей ерекше бір мақтаныш сезімге бөленімін.

Мен атамның айтуымен әкесі Сапар Сыздықұлының  соғыс кезеңіндегі қиыншылықтары, ерлігі туралы сыр шерткім келеді. Атам Сапар Сыздықұлы ағасы Мәрден Сыздықұлымен 1942 жылы соғысқа бірге аттанған екен. Атамыздың ағасы Мәрден 19 жаста, өзі 17 жаста болған. Сапар Сыздықұлы 1947 жылы Линенградтан пойызбен оралды. Атамыз Сапар соғыстан аяғына оқ тиіп оралған. Бауыры Мәрден бірге кеткенімен із-түссіз жоғалады. Атамыз жалғыз оралды. Туған бауырының сүйегін де көрмеген. Сапар атамызға бұл жағдай ауыр тиген. Атамыздың балаларына жеңістің қиыншылықпен, қаншама қантөгіспен, азаппен келгенін жеткізген. Ауыр тағдырын айтып, атамыз “бұндай тозақ қайта келмесін” деп көзіне жас алған екен. Атамыз 75 жаста өз елінде наурыз айының он төртінде дүниеден озды. Атамыз мәңгі есімізде. Осындай ерліктері мәңгі ұмытылмақ емес. Осы кісілерге тағзым етуден басқа шара жоқ. Болашақ үшін, елдің тыныштығы мен жеңіс үшін күрескен жандарға бас иеміз. Атамыздың тағдырын жазу арқылы ұлттың намысты жастары болатынымызға сенемін. Ерлік мәңгі ел есінде және біздің жүрегімізде.

                                                                           Айым Амангелдіқызы Мешітбай

                                                                                            7-сынып оқушысы

Жаңалықтармен бөлісу