Оқыңыз және жеңіңіз

Оқыңыз және жеңіңіз

Кітап оқуды қалай жетілдіреміз? Осы сұрақтың шешімі ретінде облыстық мәдениет басқармасы тың жобаны қолға алмақ. Ол 1 ақпанда бастау алады. Алғаш рет «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауы басталады. Тың бастама жөнінде мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов, орынбасары Жанат Сексенбаев және Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Дариха Дюсебаева толығымен айтып берді.

Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығы http://www.kitap10.kz/сайтында тіркеледі. Байқауға облыстың барлық тұрғындары өз жас санаттары: 10 жастан 14 жасқа дейін, 15 жастан 18 жасқа дейін, 19 жас және одан жоғары жастағылар бойынша қатыса алады. Байқау ақпаннан мамырға дейін төрт кезеңде: 1 кезең – ақпан-наурыз, 2 кезең – наурыз-сәуір, 3 кезең – сәуір-мамыр аралығында өтеді. Қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың 24 мамырына жоспарланған.

“Жылдың басы жақсы әр ауқымды жобамен басталғалы отыр. Бұл кітапхана саласындағы ноу-хау болмақ. Мұндай жаңашылдық еліміздің өзге өңірлерінде де өткен. Бірақ біздің облыста ол ауқымды болады деп отырмыз. Бастама халықты кітап оқуға шақыру, өз ортасын қалыптастыруға арналған. Жоба облыстың қалаларын ғана емес, барлық ауыл-ауылдарды да қамтымақ”, – деді басқарма басшысы.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері түрлі сыйлықтармен марапатталады. І дәрежелі(6 адам), ІІ дәрежелі(12 адам), ІІІ дәрежелі(18 адам) диплом және ақшалай сыйлық  –1-ші орын үшін  150 000 теңге, 2-шіорын үшін  100 000 теңгеден және 3-шіорын үшін  50 000  теңгеден.

Тілек білдіргендер екі тілде қатысып, жеңімпаз болғандарға Қазақстандағы ең үздік балалар лагерьлеріне жолдама (4 адам), ал үлкендерге  Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының М.Қарабаев атындағы шипажайына 2 жолдама беріледі.

“Байқау онлайн түрде өтеді. Қазылар алқасы да әзір. Сайтта кітаптар тізімі қойлады. Сайтқа тіркелгендер арнайы этаптардан өте отырып, өзіне балл жинайды. Сұрақтарға да жауап беруі тиіс. Жеңімпаздар эссе жазады да, сыйлықтарға ие болады. Осылайша, кітап оқитын ортаны қалыптастырып, қызығушылықты арттыра түссек дейміз”, – деді байқаудың қалай өтетіні туралы кітапхананың басшысы Дариға Дүйсебаева.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу