10 және 11 сынып оқушылары арасындағы төбелес Құсмұрын кентінің №2 орта мектебінде болған. Кенеттен болған жанжал қатысушылардың біріне ауыр дене жарақатын салуға себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл факт Қостанай облысының полиция департаментінде түсіндірілді. Онда 6 қазанда Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің № 2 орта мектебінде 10 және 11 сынып оқушыларының арасында кенеттен жанжал болып, бір оқушы екіншісіне дене жарақатын салғаны туралы хабарланды. Кәмелетке толмаған адамның мұрны, жақтары және басқа жарақаттары бар.
– Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 107-бабы бойынша “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру”бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, мектеп ішінде орнатылған бейнебақылау камераларынан бейнежазбалар алынды,– делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, полицейлер бұл оқиға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің және ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде қаралғанын айтты.
Сонымен қатар, ПД бұл жанжал жақын арада Әулиекөл ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатынын атап өтті.
– Сотқа дейінгі тергеп – тексеру шеңберінде білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты олардың әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК – нің 127-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болуына “кәмелетке толмағандар немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарламау” деген құқықтық баға берілетін болады, – деп толықтырды ведомствода.