Ойын автоматтары құмар ойынының бастауы емес пе?

Ойын автоматтары құмар ойынының бастауы емес пе?

Қостанайда көше бойына және дүкендерге ойын автоматтарын орнату жиілеп кетті. Автоматтың іші интернетте сәнге айналған лабубу, куроми деп аталатын жұмсақ ойыншықтарға толы. Бұл әдіс әсіресе балалар мен жасөспірімдерді еліктіруде.

Автоматқа 200 теңге салып ойнайсыз. Қолма қол ақшаңыз болмаса телефондағы банк қосымшаларының QR-код арқылы да төлеуге болады.

Трендтегі ойыншықты алу үшін бала біткен ойын автоматының жанынан шықпайды. Оның арты жақсылыққа апарар ма екен?

Жалт-жұлт еткен дүние болашақ ойынқұмарларды тәрбиелеп жатқан жоқ па? Осы ой бүгін өткен қалалық әкімдіктің аппарат кеңесінде айтылды. Қала әкімі Марат Жүндібаев тиісті қызметтерге ойын автоматтарын тексеруді тапсырды. Өйткені, автоматтар рұқсатсыз орнатылуы мүмкін.

Қымбат ДОСЖАНОВА