Полицейлер көпқабатты үйдің кіреберісінен ұрланған, құны 70 мың теңге тұратын велосипедті іздеп тауып, қылмысты ашты. Ұры ашық тұрған есік арқылы үйге кедергісіз кірген.
Арқалық қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын талдап, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол — 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ол ұрланған велосипедті бөлшектеп, дөңгелектерін өз спорттық велосипедіне орнату үшін пайдаланбақ болған. Жас жігіт ұсталып, полицияға жеткізілді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті хабарлағандай, ағымдағы жылдың басынан бері бейнебақылаудың көмегімен 309 қылмыс ашылған.
Полицейлер тұрғындарға жеке заттарды қараусыз қалдырмау, құлыптарды пайдалану және мүмкіндігінше велосипедтерді жабық орындарда сақтау секілді қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.
