Сұлу Көкше жерінде, Абылай Хан шатырын тіккен Бурабайда Ұлттық құрылтай өзінің төртінші отырысын өткізіп, өткен отырыстарында қабылданған ұйғарымдарының жүзеге асырылуы, атқарылып-орындалуы Һақында есеп жасалды. Айтылды —Орындалды!
Ал бұл отырыстағы Президент тапсырмалары Торғай өңірінің дамуына ерекше серпін беретін, өңір тұрғындары үшін аса қуанышты жаңалық, оған елдің алғысы шексіз!
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерге сайлауалды бағдарламаларының негізі ретінде, халық атынан: жол, әуежай, білім ошақтары бойынша мәселелерді көтеру және олардың елдің экономикасына, әрі-беріден соң демографиясына әсер ететіні бүгінде Мәжіліс депутаттары Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев пен Еркін Аманжолұлы Әбілге аманатталған болатын, Арқалықта тұрғындармен кездесу барысында Қостанай облысы әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың бұл сұрақтардың шешілуі Мемлекет басшысының қарауында екенін сүйіншілеген еді, енді, міне, Ұлттық құрылтай отырысында Президент тапсырмалары айқындап отыр, іске сәттілік тілейміз!
Үкіметке сауатты, дәлелмен жеткізілген уәж қабылданып, қанағаттандырылғаны халық сенім артқан азаматтардың еңбегі деп білеміз, осы ретте Торғай халқы атынан қолдаған жанашырларға рахметімізді айтып, елдің АЛҒЫСын жеткіземіз!
Қарсақбай Бірмағанбетұлы, Жангелдин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ғабит Сүндетбаев, AMANAT партиясы Жангелдин аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихатының депутаты