Облыстағы Сайлауалды бағдарламасының орындалуы талқыланды

Облыстағы Сайлауалды бағдарламасының орындалуы талқыланды

Партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысында өңірдегі сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы сараланды. Отырыста «AMANAT» партиясы орталық аппаратының хатшысы Ержан Жылқыбаев облыстың стратегиялық бағытына жақсы баға берді.

Ол өңірдің индустриалдық әлеуетінің соңғы жылдары айтарлықтай артқанын атап өтті.

«Былтырдан бері осындай форматтағы алты отырыс басқа өңірлерде өтті. Қостанай өңірі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік инфрақұрылымы бойынша еліміздің стратегиялық өңірлерінің бірі. Бұл жұмыстар тек өңірлік деңгейде емес, жалпы ел экономикасына да елеулі үлес қосып отыр. Облыстың өркендеуі тек цифрлық көрсеткіштерде ғана емес, халықтың әл-ауқаты мен табысының артуынан да көрініп тұр», — деді Ержан Жылқыбаев.

blank

Әсіресе, ауыл шаруашылығы техникасын, автомобильдер мен олардың компоненттерін өндіру саласында Қостанай елімізде алдыңғы қатарда.

blank

КИА зауыты іске қосылды. «СарыарқаАвтоПром», «АгромашХолдинг» компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр. АҚШ-тың John Deere компаниясымен бірлескен өндірісті іске қосу туралы стратегиялық келісім жасалып отыр.

Ол облыстағы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға аоынған «Жарқын ауыл» жобасына да жоғары баға берді. Бұл жоба бойынша спорт алаңдары салынып, көшелер ретке келтірілген. Жергілікті әкімдіктер белсенді қолдау көрсетіп келеді.

Иә, бұл экономикалық көрсеткіштер – өсімнің айқын екенін байқатады. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов саралап өтті.

Облыс басшысы өңірдің соңғы жылдардағы даму динамикасына тоқталды.

blank

«AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы – өңіріміздің дамуындағы маңызды бағдар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 8,3 пайызға өсті. 2025 жылы экономикада 7 пайыз өсімге қол жеткізу міндеті тұр, ол міндет орындалатын болады. Он айдың қорытындысында ауыл шаруашылығы 114,9 пайыз, өнеркәсіп 5,2 пайыз, инвестиция 6 пайызға өсті. Көлік саласы 34 пайыз, құрылыс 27 пайыз ілгерілерді. Орташа жалақы 13,3 пайызға артты. Жыл сайын облыста шамамен 20 мың жаңа жұмыс орны құрылып жатыр», – деді Құмар Ақсақалов.

Осылайша, нақты көрсеткіштермен мысал келтірді.Облыс бюджеті 686 млрд теңгеге жетті.

blank

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 55,4 пайызға артық. Кіріс көлемі 234,8 млрд теңгені құрап, 50 пайызға өсіп отыр.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы төрағасы Алмат Досмұхамедов бақылау жұмыстары туралы баяндап берді.

blank

«Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы тұрақты бақылауда. Бағдарламаның бюджеті — 1,3 трлн теңгеден асады. Депутаттар 450 нысанға барып, мониторинг жүргізді. Биылғы күнге дейін 62 отырыс өтті. Жол картасының 136 нысаны партиялық бақылауға алынған», – деді Алмат Досмұхамедов.

Филиал төрағасы цифрлық бақылау жүйелерін де назардан тыс қалдырған жоқ.

«Біз «Битрикс24» және «Жобалық кеңсе» цифрлық платформалары арқылы барлық нысандардың құрылыс барысын жедел қадағалап отырамыз. 2025 жылға арналған 39 тармақтың 13-і орындалды, қалғандары жоспарға сай іске асырылып жатыр», — деді ол.

Отырыста айтылған ұсыныстар мен бақылау шаралары Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жеделдетуге бағытталатыны атап өтілді.

blank

Барлық деңгейдегі депутаттар мен мемлекеттік органдар алдағы уақытта да сайлауалды бағдарламаның орындалуын тұрақты түрде қадағалайтын болды.

Айбек ЖҮЗБАЙ