Облыста жарықсыз қалған абоненттер саны бес мыңнан жеті жүзге дейін қысқарды

Облыста жарықсыз қалған абоненттер саны бес мыңнан жеті жүзге дейін қысқарды

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы баяндады.

Минстрдің айтуынша, Қостанай облысында электр желілерінен ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін қысқарған. Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 5,5 мыңнан 13 абонентке дейін азайып отыр. Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектеулер қойылған абоненттер саны 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге түскен.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

“Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіріледі. Төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик мамандары, 2 145  арнайы автотехника қатысып жатыр. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар. Алдағы кезеңде кернеудің әртүрлі кластарындағы 3000-нан астам электр желілерінің тіректерін қалпына келтіру қажет. Ол үшін барлық қажетті материалдар дайын.”, – деп атап өтті министр.

 

Жаңалықтармен бөлісу