Су тасқынынан зардап шеккен 19 адамның салық төлеу мерзімі кейінге қалдырылды  Донат Сорокин/ТАСС

Су тасқынынан зардап шеккен 19 адамның салық төлеу мерзімі кейінге қалдырылды 

Олардың 140 миллион теңгеден астам салығын мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылған. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті су тасқынынан зардап шеккен 196 салық төлеушінің тізімін ұсынғанын хабарлайды.

Бұл қолдау 2024 жылдың 17 сәуірінде бекітілген “Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы” ҚР Қаржы министрінің № 219 бұйрығы бойынша жүзеге асырылып отыр.

“Су тасқынынан зардап шеккендердің қаржылық есебі бойынша кейстер автоматты түрде өңделетін болады. Салық нысандарының есебін тапсыру мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ. Су тасқынынан зардап шеккен салық төлеушілердің осы санаты бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есебінің барлық нысандары бойынша тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге ұзартылды”, – делінген ресми хаттамада.

Тиісінше, салық есебін ұсынбағаны туралы хабарлама беру жөніндегі шаралар 2024 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды.

Салық төлеушілердің тізімдерін әкімдіктер қалыптастырады және олардың жаңартылуына қарай мемлекеттік кірістер органдарына береді.

Жаңалықтармен бөлісу