Қазіргі таңда облыста жүрек ауыстыруды қажет ететін 12 науқас тіркеуде тұр. Олардың әрқайсысы – өмір үшін күресіп жатқан жандар. Бүгінде олардың жалғыз үміті – донордың табылуы.
Жалпы, облыс бойынша жүрек ауруларын емдейтін бар болғаны төрт бөлімше жұмыс істейді. Оның екеуі облыс орталығында орналасса, қалғаны Әулиекөл мен Рудный қаласында.
Бұл бөлімшелерде дәрігерлер тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп, шұғыл және жоспарлы науқастарға көмек көрсетіп келеді. Соған қарамастан, маман тапшылығы сезіледі. Облыс бойынша созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне арналған 25 кабинет ашылған, олардың барлығы толыққанды жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, тұрақты түрде республикалық клиникалардың жетекші мамандарының қатысуымен шеберлік сыныптары мен оқыту семинарлары өткізіліп келеді.
«Осы айда бөлімшеге бір дәрігер келеді деп күтіп отырмыз. Ал жыл соңына дейін тағы төрт маман қосылады деген жоспар бар. Әрине, дәрігер саны артқан сайын халыққа көрсетілетін қызмет сапасы да жақсара түседі», – дейді облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, анестезиолог-реаниматолог Марат Жанақаев.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА,
Сруетті түсірген Бердіболат Көркембаев
