Облыста бірнеше өрт оқиғасы тіркелді

Облыста бірнеше өрт оқиғасы тіркелді

Бүгін түнде  Қарабалық кентінде өрт шықты. Өрт 15 шаршы метр  алаңды шарпып, жеке тұрғынның жазғы ас үйі жанып кеткен.

Сөндіру барысында өрт сөндірушілер ол жерден көлемі 27 литр газ баллонын шығарды. Құтқарушылардың күшімен өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Оқиғаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қамысты ауылында қойма өртенді. Өрт 300 шаршы метр аумаққа таралып, қажетті техникалар есептен шығарылған. Алайда мұндағы өрттің шығу себебі әлі анықталмаған.

Өңірде осы өрт оқиғаларының салдарынан  үш жеңіл көліктің күлі көкке ұшты. Бірінші оқиға Қостанай гараж кооперативінің аумағында болды. Құтқарушылардың күшімен ол жердегі  басқа автомобильдер аман қалған.

Екінші оқиға Арқалықта белең алды. Құтқарушылар өртті  14 минут ішінде сөндірді. Сондай-ақ Меңдіқара ауданы Боровское ауылынан 15 шақырым жерде Республикалық маңызы бар “Қостанай-Мамлютка” тас жолында автокөлік өртенді.

ТЖМ азаматтарды өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды сақтауға шақырады. Ақауы бар электр құрылғыларын пайдаланбауға кеңес береді. 

“Электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. ТЖ орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыздар”, – дейді ТЖМ мамандары.

Жаңалықтармен бөлісу