30 мая, 2025
Облыс басшысы «Тобылға» сәттілік тіледі

Облыс басшысы «Тобылға» сәттілік тіледі

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ел чемпионаты алдында футболшыларға сәттілік тіледі.

– Клубтың басты мақсаты мен міндеті – ең жоғары орындар үшін күрес. Ол үшін қажет нәрсенің бәрі жасалады. Сіздердің жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күштеріңізді салуға және жанкүйерді керемет ойынмен қуантуға дайын екендеріңізді білемін. Мен сіздерге, командалық жұмыстарыңызға сенемін. Жаңа маусым жарқын жеңістер әкелсін, ал сіздің жетістіктеріңіз біздің аймақтың мақтанышына айналсын! – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, «Тобыл» футбол клубы демеушілеріне команданы тұрақты қолдағаны және дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Еске салайық, биыл футболдан ел чемпионаты 1 наурызда басталады. «Тобыл» өзінің алғашқы ойынын «Тобыл Арена» манежінде «Ұлытауға» қарсы өткізеді. Кіру тегін.