Көрген көзде жазық жоқ: жүргізушілер айнаға қарамай ма?

Көрген көзде жазық жоқ: жүргізушілер айнаға қарамай ма?

Қостанайдың 2-ші шағынауданында №10 бағыттағы автобустың жүргізушісі қол бұлғаған оқушыны аялдамадан алмай кеткен. 

Бұл туралы редакцияға шағымданған шағынаудан тұрғыны аталған бағыттағы маршруттың уақытылы жүрмейтінін де айтты.

“Таңертең күн суық. Балам қарсы алдымыздан өте шыққан автобустың соңынан тұра қуып, жүгіріп бара жатыр. Мен артынан келемін. Бірақ автобус тоқтар емес. Неге асығып бара жатқанын білмеймін, бірер секунд аялдаса, ештеңе етпес еді. Аялдамада тұрған бір адамды ғана алып, жүріп кетті. Біз айқайлап жатырмыз”, – дейді қала тұрғыны.

Жүргізушілер айнаға қарамайтын болғаны ма? Бәлкім қауіпсіздік үшін емес, сәндік үшін тағып алған шығар. Осындайда келе жатқан адамды байқамай қағып кетсе, не болар еді..?

 

Жаңалықтармен бөлісу