Қарт майдангер Қасымхан Алдабергенов атамыздың ғасырлық ғұмыр белесі – 100 жылдық мерейтойы Қостанай жұртшылығының ерекше құрметіне бөленді. Ардақты ардагерді облыс әкімінен бастап барша қауым үш күн бойы құттықтап, ақжарма тілектерін арнап жатыр.
Бүгін қарияның ғасыр тойына орай мерекелік салтанат Қостанай төрінде өтіп, облыс басшылығы, қалың елі, шәкірттері мен замандастары атамыздың өнегелі өміріне тағзым етіп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
«Қасымхан аға, Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарынан өтіп, ел руханиятына, білім мен әдебиет саласына елеулі еңбек сіңірдіңіз. Саналы ғұмырыңыз – ерлік пен төзімділіктің, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілеймін! «, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Ардагердің қайсарлығы мен елге сіңірген еңбегі – жас ұрпаққа өлшеусіз үлгі, ұлт рухын асқақтатар асыл қазына.

Бүгінде үүлкен әулеттің тірегі – 6 бала тәрбиелеп өсірді, 13 немересінің, 6 шөбересінің қызығына бөленіп отыр.
Осы айтулы күні Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы да қарт майдангерді мерейлі жасымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бейнетсіз ғұмыр, отбасының амандығын тілейді.
