Нұрай ТАЛАП. Оның көз жасы

Нұрай ТАЛАП. Оның көз жасы

Үрейдің құшағында жүргеніңе қанша күн болды, Арай?

«Сенің тәніңе құрт түсіп жатыр»- деген, көмескі ой сана түкпірінде жылт еткелі қашан. Аурухананың суық терезесінен сорғалаған қара жаңбырдың тырсылы бөлме ішіндегі меңіреу тыныштықты бұзған. Қабырғадағы айнадан сұрықсыз бейнесін көріп шошынған құрбысының көңіліне кірбің түсіргісі келмеген Арай:

-Жанияжан?

Менің тәніме түскен құрт,  о басында жүрегіме түскен екен. Аурухана төсегіне таңылғалы соны іштей мойындағаным рас. Мен…  Жүрегіне дақ, тәніне құрт, миына ой түскен (Бейнемін).

Иә, бұл мен. Құныкер қоғамда құны жасырынған әйелмін.( мысқыл күлкі)

Барлық махаббат үйленумен аяқталуы қажет емес секілді. Барлық азап өліммен бітуі шарт па?

Жанияжан, оның тағдырына емес, бақытсыздығына қызыққан шығармын бәлки . Сенің ойлы көздеріңнен аянышты екенімді білемін.

– Өлім-ойынның аяғы емес, ол ойынның бастауы . Есіңдеме, Арай? Сен, мөп-мөлдір ең ғой? Осындай күйге түсетіндей, өзіңді жоғалтатындай саған не болған. Әттең, ол саған кезікпегенде..

Қос қолы кеудесіне таңылған Арайдың суық бейнеде , әлсіз жымиып:- «Өлім-жаңа өмірдің серпілісі. Мен, өліммен ойнап жүргелі қанша рет жеңгенімді білесің бе? Ыңғайлы әйел еркектің ұйқысын күзетеді. Ал мен талайдың ұйқысын сайтанмен серттескен күйі  әдемі ұрлап беріп отырдым. Оны өліммен ойнадым. Қызығы сол,  қара түннің қолаң шашын сайтан өреді.!»

Сыраханадан мас боп бір сылқымның құшағына еріп кеткен оның сайқымазақ түні басталған еді. Ұлы өнер мәңгілік өлмес үшін ғой. Сыраның буынан буыны босаңсыған күйі темекі түтінін ішіне сіміріп…Ойлы жүзбен төс қалтасынан фотоны шығарған күйі:

– Сен «Шұғаның бейнесін еске саласың…»

Күпірлікті мен жасағанда ғана әдемі болады ғой. Сен, ұлт АЙНАСЫ ғана емес, ұлт тамырысың.! Бірақ, екеуміздің жолыққанымыз тағдырдың сынағы еді. Арай, қандай сұлу болсаң да сондай ақымақ едің…

Ақымақсың! Тәніңдегі нұрдың  менің қолымда қалғаны сауап болды.

Арайдың ойында саудаласқан ұрысқақ ойларда жұлдыздың нуы секілді шоғырлы. Әрі жалғыз пенденің жетімек мұңын жетім қабырғадан басқа кім тыңдасын. Достоевскийдің «Сұлулық әлемді құтқарады» дегенімен, сол «Сұлулықтың құны Ардың қазынасына айналғанда ғана әлемнің мәні болатынын» өзін рухани азапты өлімнен құтқара алатынын ұққанымнан не ұттым?!

Құдай- адам жанын неткен ептілікпен жасаған еді. Әрқан-тамырлардың бойынан аққан ыстық жалын, суық ақылдың дәрменсіз қалдығы артынша,  бір суып қалған салқынқандылық тәніңді, ми талшықтарын қопарған күйі сенген ойдың парша-паршасын шығарып, сау нейрондарыңның ғұмырын қысқа етуі – САЙҚЫМАЗАҚТЫҚ.

Мен, Күнәһар емеспін. Мені соған жеткізген сендерсіңдер. Адалдық дейсіңдер ме? Ол…… Жо- жоо-жоооқ…..

Ол ше ?

Тозақ қазандығында қайнаған   сұлу естеліктер өзіміз  қолдан жасап берген жұттың бір түйір көз жасында қалды. Оның көз жасында өмір бар еді, біздің көз жасымызда тек бір болмашы үміт қана қалды.

Сонда? Құдай бізбен ойнап жүр ме?  Әлде, біз ойын ережесін өзіміз қалағандай жасап алдық па?

Егер бәрі оңай болса, тағдыр кіріспесін оп-оңай жазар едім, мен.!

Адам санасын суық ақылға бағынышты етер едім. Біз …. Кімбіз?

Сайтанмен саудаласу үшін де оттықты тұтату керек емес пе?!

Неге… Қоғам әлсіздікті әйелге беріп қойды?

Неге?

Сол түні тағдырына жүдә налыған сәтін дұшпан көз біліп қалса деген салқын оймен ұштаса салғаны қызық еді.Артынша мысқылдаған аяр кейіптегі Оның:

– Негесі- нес. Құдай сендерге сол миссияны берді емес пе? Бізге ақылды болуға әсте болмайды. Әулиенің ақыр соңы сен болсаң да, қабырғам қайыса қоймасы анық қой. Тәлкегі аз болған төбет тағдырдың өзі аппақ балтырыңнан тістеуге әуес.

Ал, алқымынынан алған сол бір ащы жасқа тұншыққан Арайдың қарлыға күбірлеп :

«Әлем— озбырлықтың қаруын асынғалы, әйелді әр кез жерге жығып келеді. Иілген сайын… Иесін танытып, жәй ғана ауыртпалықты мойнына арқалатып келеді. Ал біз ше?  О, Құдай.! Біз қашанға дейін ішкі арпалысты жалған күлкіге, ұлт тағдырын тәрбиеге,  жалған жоқшылықты өз қолымызбен жасауға итермелейсің. Онсызда бір қауым жәһәннамға күнәһар екенімізді көрсеттің. Қашанға дейін, біздің ?

«Біз кімбіз?!» Әзәзіл кеп жанымызды саудалайтын. Біз кімбіз? Етегіне еркек шыбын қонбаған қыр гүлін мезгілсіз жұлған қоғамда әр күні сарсаң ойдың артынан терең күрсіндіреді. Тоғыз ай толғатқан жанның бір қадірі мына қара қабірдің ішінде жатуы керек пе?

Қабірдің өзі қадірімізді білмейді… Адам жердің үстінде де адам болса, жердің астында да, тіпті Құдайдың алдында да АДАМ болып қалар еді ғой. Егер, жанды жаралау жердегілерге тән болса, бізді несіне арзан тірлікте өзгеден жоғарырақ етіп ; Ал артынша одан арпалыстың өзі ғана бақыт табатыны қызық әрі мұңды сыйлауы керек.

Далада қаңғыған қу бас көп қой. Бірақ әр перденің артында тұрған қорқау ой «Мен жоғалсам көлеңке де жоғалады»  деген ойды сыбырлап әлек.

Соңғы дауыстың қатқыл үнінен :

  • Ееееей, жұмыр жердің жұмағы….!  Сенің тағдырың бір елдің айнасы ғана… Өзіңеқарашы…?

Ақиқаттың ауылын іздеп шыққалы, жол жиегінде сүйегі қалған бір бұлыңғыр елестерді көресің.

Олардың айтары бар, бірақ… Алысқа қол жүгін жинап кетіп қалған екен. Қайыршылар тиелген кемеде жанұшыра «Олар» жылап жүр. Жылап жүргені былай тұрсын, іштегі бөлтірікті рухтандырып жүр. Сең соққандай шайылып кеткен, Перғауынның көмескі мүсіні секілді теңіздің астын мекендеп кетпесек игі еді. Болашаққа “Мумия” күйінде естелік болып, жәй ғана өткеннің елес сабағының бір көрінісі болуымыз да мүмкін секілді.

Ақиқат – сенің барың сенің өлімтік тағдырыңды жалмап жатыр… Кешірші.! Ақылды ақымақтықтың, адамилықтан бұрын сайтанилықты кешірші.!Қан жұққан тағдырдың балағында қанша “Бастың” бастырылып жатқанын кім білсін…Кешірші, қатыгез болып кеттік.!»

Ала тұманданған көмескі түтін түстің бір бөлшегі ғана еді.Оянған оның айғыз айнаға қараған күйі құрсағындағы сәбидің белгісіз болашағына сенді… Кішкентай қыз бір тал қызыл раушан сыйлайды…

Ал,жарық сол раушанның күлтесін жұлған әйелдің сүйрік саусағында ғана қалғанын сезді.

Атырау облысы

Жаңалықтармен бөлісу