Науырызым ауданындағы елді мекендерде жағдай ушығып кетті.
Науырзым ауданының Раздольный ауылына кіре берісіндегі жолды су басып, ағын екпініне төтеп бере алмай, су өткізгіш құбыр жарылып кеткен.
Жолдың ортасындағы ойыққа жайылған судың ені — 20 метр, ал биіктігі шамамен 10-15 сантиметр болады.
Бұл жағдай тұрғын үйлер мен аула аумақтарына су басу қаупін тудырмағанымен, ақпарат облысқа жіберілді. Жөндеу жұмыстарын бүгін бастау жоспарланып отыр. Апат орнында Раздольный ауылының полиция және әкімдік қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр. Жағдай аудан әкімінің бақылауында.