«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында тұңғыш пәтер Қостанайда берілді

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында тұңғыш пәтер Қостанайда берілді

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған жұмысшы мамандықтар жылына байланысты ашылған  «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен ең алғашқы болып Қостанайлық азамат жаңа пәтерге қол жеткізді. Бұл пәтер Қазақстанда тұңғыш рет Allur зауытының қатардағы инженері Данияр Асановқа берілетін болды.

«Allur зауытында жеті жылдан бері инженер болып жұмыс істеймін. Көбіне сызбалармен айналысамыз. Бізге бір күні отбасы банктен мамандары келіп, әрқайсымызға  есеп ашып берді.  Сол 2018 жылдан жаймен сала бастадым. Қазіргі уақытта «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік әперді алғыс айтамын. Маған  сеніп, қолдағандары үшін ата-анама. Жұмысшы мамандықтары жылын  жариялаған Президентке алғысым шексіз», – дейді Данияр Асанов.

Данияр бұл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасының ашылғанын инстаграм парақшасы арқылы білген. Қандай талаптары барын анықтап, құжаттарын жианастырды, Бағдарлама басталған 17 наурыз күні алғашқылардың бірі болып  өз кезегін күтті. Алдымын кеңесшіге барып, бәрі талапқа сай екеніне көзін жеткізді. Құрылыс жүргізуші маманға кіріп, қолжетімді пәтерлерді бірге қарады. Келесі күні баспана маркетингіне қол жеткізіп,  өзі қалаған үйді таңдады.

Қостанайдағы  БК Стройдың  Береке 2 үйінің  құжаттары алдын ала рәсімделген.

Банк маманы Гүлнұр Әділханқызының айтуынша,  биыл Президенттің жариялаған  жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан ең алғашқы бағдарлама Қостанайда жүріп жатыр.

«Бұл жерге тек жұмысшы мамандықтар қатыса алады. Өнеркәсіп, су ресурсы, энергетика, ауыл шаруашылығы мамандықтарында жұмыс істейтін мамандарының қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін депозитте жоқ дегенде екі миллион теңге қаржы болуы керек. Атыңызда үй болмауы керек. Банкке келіп өтініш бересіз», – дейді Гүлнұр Әділханқызы.

Өтініш бермес бұрын жұмыс орнынан жолдама керек. Атыңызда соңғы бес жылда мүлік болмады деген үй мүшелерден анықтама апару қажет болады.

“Наурыз жұмыскер” бағыты бойынша өтінімдерді қабылдаудың алғашқы үш күнінде Отбасы банк (“Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы) 31 млрд теңге сомасына 1094 өтінімді сәтті қабылдады.

Әдетте, “Наурыз жұмыскер” қатысушылары тұрғын үйлер салумен, электр энергиясын өндірумен, берумен және таратумен, автомобильдер өндірумен, кен өндірумен, мұнай өңдеу өнімдері мен газ өндірумен айналысатын ірі кәсіпорындарда еңбек етеді.

“Наурыз жұмыскер” қатысушысының орташа жасы-31 жас. Мақұлдаудан өткен 974 қатысушының 20%-ы әйелдер. Банктен сұратылатын қарыздың орташа сомасы – 29 млн теңге.

“Наурыз жұмыскер” қатысушысының ең төменгі жасы-19 жас, ең жоғары жасы – 62 жас.

“Наурыз жұмыскер” бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау бөлінген қаржыландыру лимиті аяқталған сәтке дейін созылады. 2025 жылы Отбасы банк жаңа бағытын іске асыруға 72 млрд теңге бағыттайды, бұл қаражат 2 440 жұмысшы кәсіптерінің өкілдеріне қолжетімді қарыз алуға мүмкіндік береді.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Жансая Сәбитбек

Жаңалықтармен бөлісу