24 июня, 2025
Мұғалім Құқығы – Мемлекеттің Қамқорлығында

Мұғалім Құқығы – Мемлекеттің Қамқорлығында

Мемлекет басшысы педагогтарды өздерінің кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға немесе оларды осындай әрекеттерге мәжбүрлеуге қатаң түрде тыйым салынатынын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл – ұстаздардың мәртебесін көтеру және олардың еңбек жағдайларын жақсарту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі.

Аталған мәселе біздің облыста ерекше бақылауға алынған. Педагогтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданып жатыр. Егер заңсыз немесе бейпәндік жүктемелерге тарту фактілері анықталса, оған жедел әрі нақты әрекет жасалады. Бұл ретте тиісті білім бөлімдері мен бақылаушы органдар тарапынан тексерулер жүргізіліп, кінәлі тұлғаларға қатысты заң аясында жауапкершілік қарастырылады.

Осыған орай, облыс аумағындағы білім беру ұйымдарында педагогтердің еңбек құқықтарының сақталуына баса назар аударылуда. Мұғалімдер оқу-тәрбие процесіне қатысты өздерінің тікелей кәсіби міндеттерімен ғана айналысуы тиіс. Оларға мектеп аумағын тазалау, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру үшін демеушілік қаражат жинау, сайлау немесе санақ сияқты қоғамдық жұмыстарға қатысу сияқты қызметтерді жүктеуге болмайды.

Бұл саясаттың мақсаты – мұғалімдердің өз кәсібіне толыққанды ден қоюына, оқу сапасын арттыруға және білім беру процесінің мазмұнын тереңдетуге мүмкіндік жасау. Сонымен қатар, бұл бастама мұғалім мамандығының беделін арттырып, олардың әлеуметтік мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.