Инфляциямен күрес – Ұлттық Банктің басты мақсаты

Инфляциямен күрес – Ұлттық Банктің басты мақсаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында қабылданып жатқан негізгі шаралар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бағаның өсуін тежеуге және халықтың нақты табысын арттыруға бағыттап белгілейді.

«Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бағаның өсуін төмендетуге және халықтың нақты табысын арттыруға мүмкіндік беретін деңгейде белгілейді. Жалпы, ақша-кредит және макропруденциялық саясат аясындағы барлық шаралар инфляциямен күресуге бағытталған және біздің басты мақсатымыз – азаматтардың мүддесін қорғау», – деді Сүлейменов.

Бұл мәлімдемеден Ұлттық Банктің инфляцияны төмендетуге басымдық беріп отырғанын көруге болады. Ақша-кредит саясаты мен макропруденциялық тетіктердің барлығы, оның айтуынша, осы мақсатқа бағытталған. Яғни, банк тек қаржы жүйесінің тұрақтылығын емес, қарапайым азаматтардың әл-ауқатын да назарда ұстап отыр.

Базалық мөлшерлеме – Ұлттық Банктің негізгі ақша-кредит құралдарының бірі. Оның деңгейі несие нарығына, валюта бағамына және ең бастысы, инфляцияға тікелей әсер етеді. Сол себепті мөлшерлеменің өзгеруі – ел экономикасының ағымдағы жағдайына берілген нақты жауап ретінде қарастырылады.

Төрағаның айтуынша, бағаның шарықтауы – экономикалық, әлеуметтік мәселеде. Сондықтан да инфляцияны бақылауда ұстау халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды тетігі екені сөзсіз.