Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян қазақ!»
облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды.
Жыр бәйгесіне Қазақстан жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырып отыр.
Мақсат — Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ағартушы, ақын, жазушы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Міржақып Дулатұлын ұлықтау, жақсыларымызды дәріптеу, оларды өскелең ұрпаққа үлгі ету. Бұл мерейтой — барша қазақ баласына ортақ, бірігіп атқарар сауапты әрі жауапты іс.
Міндеті:
-Ақындардың шығармашылығы арқылы Міржақып Дулатұлын ұлықтау.
-Жас ұрпақ санасында Алаш қайраткерінің асқақ тұлғасын қалыптастыру.
-Патриоттық тәрбие беру.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
– мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.
– мүшәйраға Міржақыптың қайраткерлік тұлғасын паш ететін бір немесе бірнеше өлең, өлеңдер топтамасы қабылданады;
– Поэзия талаптарын сақтау қатаң қадағаланады;
– шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Үміткер өзі туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі және байқауға ұсынылатын шығармасының электронды нұсқасын қоса жолдауы қажет;
– үміткерлердің шығармалары 2025 жылдың 6 қыркүйегінен 15 қыркүйегіне дейін abu_amir_09@mail.ru электронды поштасына қабылданады;
— қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді;
– мүшәйраның қорытынды іс-шарасына жүлдегерлер ғана шақыртылады.
Өтетін күні қосымша хабарланады.
Мүшәйраның жүлде қоры: 1 500 000 теңге.
Қазылар алқасының сараптауынан өткен 7 ақынға 200 000 мың теңгеден Міржақып Дулатұлы атындағы бір реттік стипендия беріледі.
