Науырзым қорығы жаңа өрт сөндіру автокөліктерімен толықты

Науырзым қорығы жаңа өрт сөндіру автокөліктерімен толықты

6 қыркүйек күні Науырзым мемлекеттік табиғи қорығына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен алынған жаңа 8 өрт сөндіру автокөлігінің кілттері салтанатты түрде табыс етілді.

Іс-шараға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы Бексұлтан Меирбеков, сондай-ақ Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов Мәди қатысты.blankЖаңа техникалар қорық аумағында өрт қауіпсіздігін күшейтіп, табиғатты қорғау ісіне зор үлес қосады. Сонымен қатар орман алқаптарын, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтауға мүмкіндік береді.