Мүмкіндігі шектеулі жандардың облыстық спартакиадасы мәреге жетті

Мүмкіндігі шектеулі жандардың облыстық спартакиадасы мәреге жетті

3-5 қыркүйек аралығында Денисов ауылында мүмкіндігі шектеулі жандардың облыстық V спартакиадасы өтті.
Спартакиада облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен, өңірлік «Паралимпиадалық спорт түрлері» федерациясы іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілді. blankОған облыстағы барлық аудан-қаладан 17 команда, 181 адам қатысты. Жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Атап айтқанда, командалар асық ату, корнхолл, пара жеңіл атлетика, пара үстел теннисі, дартс, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарынан тартысқа түсті.blankblankblankblank

Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.blank