Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопедтерді тіркеудің қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің кулуарында Игорь Лепеха тиісті заңның қабылданғанын күтіп отырғанын айтты. Сөзінше, Қазақстанда 70 мыңға жуық мопед бар.
“Енді біз оған қол қоямыз, қарашаның аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз. Шамамен 1 желтоқсанда тіркеуді бастаймыз. Алдағы уақытта техникалық жағдайға қойылатын талаптар жоқ. Алдымен сәйкестік, нөмірлердің бар-жоғына қараймыз”, – деп айтты вице-министр.
Айта кетейік, Мәжілісте депутаттар автомобильмен тасымалдау саласына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр. Сондай-ақ такси қызметі өзгертілетінін және оларға тағы бір міндет жүктелмек.
Сондай-ақ депутат елімізде автобустардың тозығы әбден жеткенін айтып, шетелмен салыстырған еді.