22 мая, 2025
Милад Карими Мысырдағы Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды

Милад Карими Мысырдағы Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды

Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.

Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогының соңғы кезеңі.

Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды.

Бүгін ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.